2024 жылдың жазында қалалық мемлекеттік тұрғын үй қоры арқылы көппәтерлі тұрғын үйден баспанаға мұқтаж жандарға 85 пәтер үлестіріліп, оның 17-сі «көп балалы отбасылар» санатындағыларға берілген. Бұл туралы Алматы облыстық сотының баспасөз қызметі мәлім етті. Алайда, тұрғын үй комиссиясы №17 кезекте тұрған (2024 жылғы тамыздағы жағдай бойынша) «Күміс алқа» алқасының иегері 6 баланың анасына тұрғын үй беруден бас тартқан, себебі оның жеке меншігінде пәтері болған, пәтерді Қонаев қаласынан күйеуі екеуі 2021 жылы несиеге сатып алған («Отбасы банкі» кепілі).
Көпбалалы ана бұл шешімге сотқа шағым түсірді.
Істі зерттей келе МАӘС-ы мынаны атап көрсетті:
- талап қоюшы несиеге сатып алған 66 ш.м. пәтер санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің анықтамасы бойынша бір адамға шаққандағы аудан бойынша санитарлық нормаларға сәйкес талап қоюшының 8 адамнан тұратын отбасына сәйкес келмейді («Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 75-бабының 1-тармағы);
- жергiлiктi жерде сот отырысында визуалды тексеру кезiнде сот санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің қорытындысы дұрыс, талап қоюшының отбасына тұрмыстық жағдайын жақсарту қажет деген қорытындыға келген;
- талап қоюшының отбасы мүшелерінің ешқайсысының көрсетілген пәтерден басқа баспанасы жоқ.
Осыны және «Тұрғын үй қатынастары туралы» Заңның 73-бабының 3-тармағының осы санаттағы кезекте тұрған адамдар тұрғын үй алғанға дейін одан шығаруға жатпайтыны туралы нормасын ескере отырып, талап қою қанағаттандырылды.
Сот Қонаев қаласы әкімі жанындағы тұрғын үй комиссиясын мемлекеттік тұрғын үй қорынан 6 баланың анасына баспана беру мәселесін қайта қарауды міндеттеді.
ӘРПК-нің 171-бабының 2-бөлігіне сәйкес жауапкер сот шешімі заңды күшіне енгеннен кейін бір ай ішінде сот шешімін орындауға және бұл туралы сотқа хабарлауға міндетті.