RSS лента

Қылмыстық-атқару жүйесінің қызметкерлері сотталды

  • 11.11.2024, 14:09,
  • 119
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Өскемен қаласының соты облыстық Қылмыстық-атқару жүйесі департаменті қызметкерлеріне қатысты үкімді жариялады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

№17 мекеме бастығының бұрыңғы орынбасары мен аға инспектор жылжымайтын мүліктің жоқтығы туралы тұрғын үй комиссиясына әдейі жалған мәліметтер беру арқылы 5,8 млн теңге көлеміндегі қаражатты ұрлағаны үшін кінәлі деп танылды.

 

Оларға 3 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығынан айыру және мемлекеттік қызмет пен квазимемлекеттік секторда лауазым атқару құқығынан өмір бойына айыру жазасы тағайындалды.

 

Сотталғандар әділет майоры мен лейтенанты арнайы атақтарынан айырылды.

 

Сот үкімі заңды күшіне енді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости