RSS лента

Жамбылда сотталған әйел заңды некеге тұрды

  • 30.09.2024, 09:17,
  • 125
  • 0
  • Автор:
Автор фото: polisia.kz

Жамбыл облысында қауіпсіздігі барынша төмен №26 түзеу мекемесінде жазасын өтеуші әйел заңды некеге тұрды, – деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Polisia.kz-ке сілтеме жасап.

Айта кету керек, 38 жастағы сотталған алаяқтықпен айналысқаны үшін қылмыстық кодекстің 190-бабының 3-бөлігі негізінде кінәлі деп танылып, сот үкімімен 4 жыл 6 айға бас бостандығынан айырылған.

 

– Шынайы махаббатқа ешқандай кедергі жоқ. Бастысы, жүрегіме жақын адамымды таптым. Сүйіктім екеумізге отбасын құруға мүмкіндік берген түзеу мекемесінің әкімшілігіне ризашылығымды айтқым келеді. Кез келген адам бақытты болуға лайықты, – дейді сотталған әйел.

 

Жалпы, бүгінгі таңда аталған мекемеде бас-аяғы 81 азамат жазасын өтеп жатса, оның ішінде әйелдердің саны – 5 адам.

 


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости