Қайтыс болған жұмысшының әйеліне Қызылорда облысының Бақылау жөніндегі басқармасы қаза тапқан адам мен ЖШС арасындағы еңбек қатынастарын растайтын құжаттың жоқтығы негіз болғанына сүйеніп, тексеру жүргізуден бас тартқан. Бұл туралы облыстық соттың баспасөз қызметі мәлім етті. Аталған бас тартуды әйел сотта даулады.
Талап қоюда ол жұмыс берушінің техника қауіпсіздігі шараларын сақтамағанын және жұмысшымен еңбек шартын ресімдемегенін атап көрсеткен. МАӘС талап қоюды қанағаттандырды, Басқарманың әрекеттері заңсыз деп танылып, ер адамның қайтыс болу фактісін тексеруді міндеттеді.
ЖШС және Басқарма МАӘС шешіміне апелляциялық тәртіппен шағымданды. Қызылорда облыстық соты бірінші сатыдағы сот шешімін күшінде қалдырды. Соттар жұмысшы мен ЖШС арасында жасырын еңбек қатынастары болғанын көрсетіп берді.
Еңбек шартының, жұмысқа қабылдау және жұмыстан босату туралы бұйрықтардың, зейнетақы аударымдарының болмауы қайтыс болған адам мен ЖШС-ның арасындағы еңбек қатынастарын тану мүмкіндігін жоққа шығармайды.
Жұмысшыға ЖШС аумағында жұмыс істеуге рұқсат етілгені анықталды. Ол қызметтік көлікті жүргізіп, қолма-қол ақшамен және банктік картамен жалақы алған, бірақ жұмысшы мен ЖШС арасында еңбек шарты жасалмаған.
Куәлер қайтыс болған адамның ЖШС-де жұмыс істегенін растады. Облыс әкімінің атына бақылау Бақылау жөніндегі басқарманың әрекеттерінде жол берілген бұзушылықтар туралы жеке ұйғарым жолданды.