Сегодня - 04 мая 2025 г 
 
RSS лента

Алақандай қалада маса улауға 100 млн тг бөлінген

  • 05.06.2024, 11:34,
  • 174
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Еліміздің мұнайлы астанасында маса улау жұмыстарын жүргізу үшін қалалық тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы ашық электрондық конкурсты үш рет жариялаған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Алайда жеңімпаз мердігер мекемелердің құжаты толық болмауынан, конкурс қайта жарияланды. Қорытындысы 13 маусымда белгілі болады. Маса улау жұмыстарының жылдағыдан кеш басталу себебі де осыдан.

 

- Қалада масаның көптігі туралы тұрғындардан келіп жатқан арыз-шағым көлемі басым. Оның басты себебі - Жайық өзені деңгейінің көтерілуі. Осыған байланысты қалалық әкімдік және демеуші мекемелер тарапынан қаланы улау жұмыстары мамыр айының 27-сінен басталып кетті. Бірінші кезекте, көпқабатты үйлердің жертөлелерін улау, екінші кезекте, ашық көзді су алаңдарын, яғни Ерік Мостовой каналдарының бойын улау және саябақ пен алаңдарда, адам көп жиналатын жерде дезинсекциялау жұмыстары жүргізіліп жатыр. Аталған жұмысты «AG Disinfection services» ЖШС мердігер мекемесі атқаруда, - бөлімнің сектор меңгерушісі Темірлан Әубәкіров

 

Маса улауды бастама бұрын оған қолданылатын препараттар жыл сайын сынақтан өтеді. Мамандардың айтуынша, қазіргі дезинфекциялауға арналған препараттардың қоғамға, қоршаған ортаға ешқандай зияны жоқ.

 

Айта кетейік, қазіргі уақытта қала аумақтарындағы улау жұмыстарына төрт бригада, 25 адам жұмылдырылған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости