RSS лента

Ақтөбеде жағдай тұрақтанды

Автор фото: ашық дереккөз

Облыс әкімінің төрағалығымен Жедел штаб тәулік бойы жұмыс атқаруда деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Ахуал толығымен бақылауда. Су тасқыны кезеңінде ең көп электр желісінен ажыраған елдімекендер саны 55-ке жетіп, 5195 абонент болған. Қазіргі таңда ол сан 9 есеге азайды. Ақтөбе облысы әкімінің орынбасары Асылбек Есенбаев ОКҚ алаңында осылай деді.

 

Қазір облыстағы 20 елді мекенде 646 абонент электр энергиясынан ажыратылған, дегенмен барлық тұрғынға дизельдік генератор арқылы тоқ беріліп жатыр. Осы уақытта «Энергосистема» мекемесі барлық елді мекендерде қалпына келтіру жұмыстарын жүргізіп жатыр. 16 бригада, 60 техника жұмыс атқаруда.

 

«Шайып кеткен облыстық жол учаскелері бойынша. Жол учаскелерінің суға толып, шайылып кетуі нәтижесінде облыстағы 11 елді мекенмен жол қатынасы уақытша үзіліп тұр. Салыстырмалы түрде айтсақ, 30 наурызда 17 елді мекен болған. Кеше «Алға-Қарабұлақ», «Алға-Бесқопа» жолдары ашылды. Бүгін Әйтеке би ауданында Әйке, Қобда ауданында Сарбұлақ бағыттарындағы қатынас қайта қалпына келтіріледі. Жұмыстар жалғасуда», – деді спикер.

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости