Атырауда балабақша тәрбиешісінен туберкулез анықталды
- 05.01.2024, 21:40,
- 626
- 0
- Автор:
Тurantimes.kz
Автор фото: chasi8.ru
Ата-аналардың сөзінше, балабақша басшылығы бұл жайтты жасырып, бөбектердің бәрін флюорографияға түсуін сұраған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.
Бұл туралы "АтырауОйл" инстаграм-парақшасы жазады. Балабақшаны карантинге жаппаған екен. Облыстық білім беру басқармасы тәрбиешінің диагнозы тек 3 қаңтарда ғана расталғанын мәлім етті. Қазір балабақша карантинге жабылған, онда дезинфекция жұмыстары жүріп жатыр.