RSS лента

Жол апаты жиіледі...

  • 21.11.2023, 16:41,
  • 1 755
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Turan Times

Бір ғана Атыраудың өзінде бір күнде екі жол апаты болып, екі адамның өмірін қиып отыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

19 қараша күні сағат 18:30 шамасында Атырау-Дамбы тасжолы бойында «Toyota Hilux» автокөлігі жаяу жүргіншілер өткелі жоқ жерден өтпек болған 1974 жылы туған жаяу жүргіншіні қағып құлатқан. Салдарынан жаяу жүргінші оқиға орнында қаза тапты.

 

Ал, сол күні күні сағат 23:00 шамасында «ВАЗ-2115» және  «Газель» автокөліктері И.Тайманов көшесі бойында соқтығысып, жол апаты орын алды. Соқтығыс салдарынан 1993 жылы туған «Газель» автокөлігінің жүргізушісі облыстық ауруханаға жеткізіліп, екінші көліктің жүргізушісі оқиға орнында қайтыс болды. Қазір тиісті іс-құжаттар жинақталуда.

Оставить комментарий
Последние новости