RSS лента

Бақытгүл Хаменова сот залынан босатылып, балаларымен қауышты

  • 17.11.2022, 02:20,
  • 2 060
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Атырау облысы әкімінің бұрынғы орынбасары Бақытгүл Хаменова мен облыстық мәдениет басқармасының бұрынғы басшысы Ақылбек Рысқалиевке қатысты сот үкімі шықты.

Сот үкімімен екеуі де жеті жылға бас бостандығынан айырылды. Ал, Бақыттгүл Хаменованың кәмелетке толмаған екі баласы бары ескеріліп, жаза үш жыл кейінгі шегерілді. Сондай-ақ, пара берген деп күдікке ілінген Өміртай Адамов төрт жылын темір торда өткізбек. Енді сотталғандардың ешқайсысы өмір бойы мемлекеттік ұйымдарда лауазымды қызмет атқара алмайды. 


«Аққа құдай жақ. Бәрібір де шындық шығады. Соңына дейін күресіп, әлі аппеляциялық сот бар, жоғары сот бар, халықаралық сот бар. Бұл шындықтың жер бетіне шығады білем. Бұндайда күштілер не айтады әлсізге көрсеткен зорлығын айтады. Ал, әлсіздер не айтады? Күштіден көрген зорлығын айтады.Сондықтан зорлық пен қорлықты көрсеткен маған ол адамдарға айтарым адамның сотынан құтылғанмен де, Алланың сотынан ешкімде құтыла алмайды» деді Б.Хаменова өз сөзінде. 


Сол сияқты, оны «Құрмет» орденінен айыру туралы ұсыныс та Президентке  жолданды.


Айта кетейік, сот үкімі әлі заңды күшіне енген жоқ.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости