Атыраулықтар “Жібек жол” коперативіне баспана аламыз деп жиған тергендерінің бәрін беріп, 100% төлем жасаған. Алайда тұрғын үйдің құрылысы орта жолда тоқтап, жауаптылар үшті-күйлі жоғалған. Бұдан бөлек “Әуес және К” компаниясына сеніп, несиеге миллиондап қаржылық салым салғандар да наразылық танытты.
2018 жылы төлем жасағандарға шарт бойынша 2019 жылы үйдің кілті табысталуы керек болатын. Бірақ падемия салдарынан құрылыс тоқтатылып, компания мен құрылысты салып жатқан мердігерлер мекеменің өзіне қарызға батқан. Жауапты өкілдер құрылыстың 80%-ы бітіп тұрғанын айтып, қаражат табылса 9 ай ішінде тапсырылатынына уәде етті.
“Қазіргі таңда башылар қаражатты күтіп отыр, ақша түсе салысымен құрылысты жалғастырып, бітіріп береміз” деді “Әуес және К” компаниясының менеджері Азамат Оңдасын.