Ресейдің халық әртісі, әнші әрі композитор Александр Градский қайтыс болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі «112» Telegram-арнасына сілтеме жасай отырып.
Танымал қазақстандық Telegram-чаттардың бірінің қатысушысы Жапония COVID-19-ға қарсы вакцинациядан толық бас тартып, науқастарды «Ивермектин» препаратымен емдей бастағандығы туралы ақпарат таратты. Осыдан кейін аурушаңдық күрт төмендеген екен, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Қазақстандықтар әлеуметтік желілерде дүниежүзілік қастандықтың «дәлелімен» бөлісуде. Пайдаланушылар пандемия тек 2025 жылы аяқталады деп жазылған Халықаралық қайта құру және даму банкі мен Халықаралық даму қауымдастығы құжатының скриншотын таратуда. Бұл жалған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.
Instagram әлеуметтік желісінде фото және видео жүктеудің жаңа тәсілі пайда болды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі sputnik.kz-ке сілтеме жасап.
Әлеуметтік желілерде АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының (CDC) зомби апокалипсисіне дайындық жөніндегі бағдарламасы туралы хабарлама тағы да таратылуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.
Ұлыбритания ғалымдары эксперимент жүргізіп, иіс арқылы жақындап келе жатқан өлім туралы қалай білуге болатынын анықтаған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.
Өзбекстандық әйел баласын 2 млн теңгеден астам сомаға сатпақ болған, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.
Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ресейге итбалықтар популяциясын құтқару үшін Каспийде резерваттар құру мүмкіндігін қарастыруды ұсынды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.
WhatsApp-та француз дәрігері Кристиан Перронның вакцинацияланған адамдарды қыс айларында оқшаулап, карантинге жабу керек деген сөзі тарады. Оның айтуынша, бұл егілген адамдар басқаларға қауіпті және суық мезгілде қатты ауырып қалуы мүмкін болғандықтан қажет. Мұның бәрі өтірік, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасай отырып.
Telegram мессенджерінде жақында әнші Никки Минаждың препарат репродуктивтік жүйе ауруларын тудыратындықтан вакцинациядан бас тартуы туралы мәлімдемесі талқылануда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі stopfake.kz-ке сілтеме жасап.