RSS лента

Әлемдегі ең үлкен жолаушылар ұшағы қонақүйге айналмақ

  • 08.02.2022, 04:01,
  • 376
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: әлеуметтік желі

Қайта өңдеуге жіберілетін Airbus A380 ұшағы қонақүйге айналады. Мұны Airbus-тың бұрынғы инженері Фредерик Де Люс орындайды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қонақүй Тулуза (Франция) әуежайының солтүстік бөлігінде орналасады.


Әуе кемесінде 31 бөлме болады. Фюзеляжда бөлменің үш түрі ұсынылады: стандартты екі орындық, үш-төрт адамға арналған жартылай люкс және екі люкс. Люкстердің бірі A380 кабинасында, ал екіншісі ұшақтың артқы жағында баспалдақпен жалғанған екі қабатта орналасады.


Сондай-ақ, қонақүй кешенінде террасасы бар 60 орындық мейрамхана болады.


Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости