RSS лента

Қазақстан Президенті екі елдің басшыларына көңіл айтты

  • 28.03.2025, 22:22,
  • 212
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Ақорда

Мемлекет басшысы Корея Президентінің міндетін атқарушы Хан Док Суға көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Оңтүстік Корея елінде болған алапат өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны мен табиғат апатының қоршаған ортаға тигізген зияны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді.


– Осындай ауыр сәтте қайғыларыңызға ортақтасып, барша Корея халқына, бақи болған азаматтардың туыстары мен жақындарына қайғыра көңіл айтамын. Жарақаттанған адамдардың тез арада сауығып, отбасыларына оралуына тілектеспін. Корей халқының төтенше жағдайдан туындаған қиыншылықтарды тез арада еңсеретініне кәміл сенемін, – деп жазды Президент.


Сондай-ақ, Мемлекет басшысы Таиландтың Премьер-министріне көңіл айту жеделхатын жолдады. Қасым-Жомарт Тоқаев Таиландтағы жер сілкінісі салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты осы елдің Премьер-министрі Пхэтхонгтхан Чинаватқа және жақындарынан айырылған отбасыларға көңіл айтты. Президент табиғат апаты кезінде жарақаттанғандардың тез арада сауығып, отбасыларына дін аман оралуына тілектестігін білдірді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости