RSS лента

Тоқаев Бразилия Президентіне көңіл айтты

  • 12.08.2024, 09:00,
  • 530
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

Мемлекет басшысы Бразилия Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев Бразилияның Сан-Паулу штатында жолаушылар ұшағы апатқа ұшырап, салдарынан көптеген адамның қаза табуына байланысты Президент Луис Инасиу Лула да Силваға көңіл айтты.


– Осындай ауыр сәтте қайғы-қасіреттеріңізге ортақтасып, Қазақстан халқының және жеке өз атымнан Сізге және жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ достас Бразилия халқына көңіл айтамын, – деп жазылған жеделхатта.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости