RSS лента

Қасым-Жомарт Тоқаев Түркия Президентіне көңіл айтты

  • 22.01.2025, 11:33,
  • 55
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ortcom.kz

Мемлекет басшысы Түркия Республикасының Президентіне көңіл айту жеделхатын жолдады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қасым-Жомарт Тоқаев жеделхатта Болу провинциясында орналасқан Карталкая тау шаңғысы орталығында болған өрт салдарынан көптеген адамның қаза тапқаны туралы суыт хабарды терең күйзеліспен қабылдағанын жеткізді. Сонымен қатар Мемлекет басшысы Қазақстан халқының және  өзінің атынан Түркия Президенті Режеп Тайип Ердоған мен жақындарынан айырылған отбасыларға, сондай-ақ бауырлас түрік халқына көңіл айтып, зардап шеккендердің тез арада сауығып кетуіне тілектестік білдірді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости