RSS лента

Хиджаб пен никаб киюге тыйым салынды

  • 29.07.2024, 17:00,
  • 1 096
  • 0
  • Автор:
Автор фото: ru.freepik.com

Тәжікстан Ислам орталығының ғұламалар кеңесі ұлттық киімге қатысты арнайы пәтуа шығарды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Тәжікстан Ислам орталығының ғұламалар кеңесі ұлттық киімге қатысты арнайы пәтуа шығарды. Онда тәжіктердің ұлттық киімдері "ханафи мәзһабы талаптарына толық сәйкес келеді" делінген. Сондықтан ел тұрғындарына "белгілі бір мақсатпен насихатталған мәдениет пен дінге жат" киімдерді киюден бас тартуға кеңес берілді. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі Аsiaplustj басылымына сілтеме жасап хабарлайды. Ғұламалар кеңесі тәжіктердің ұлттық киімдерінің мұсылман хиджабының нормаларына сәйкестігіне қатысты дау-дамайға жауап берді. Олар түрлі айыптаулардың туындауына байланысты осы мәселе бойынша пәтуа шығару туралы шешім қабылдады.  Сәйкесінше хиджабтан басқа әйелдерге тар, мөлдір түсті, қара немесе ашық киім киюге тыйым салынады.


"Ислам дінінде киім киюдің өз ережелері бар. Бірақ өрнек пен түске ешқандай шектеу қойылмаған. Сондықтан дінімізде ұлттық киім киюге рұқсат етілген. Алайда ұлттық ерекшеліктеріміз бен географиялық жағдайымызға сай келмейтіндіктен, әйелдерге никаб кию ұсынылмайды. Бұл дінімізде де парыз емес. Сондай-ақ жабысып тұратын киім киюден аулақ болыңыз. Құрметті аналар мен әпкелер, ұлттық мәдениетке тағзым етіп, ұлттық нақыштағы киімдерді діни нормаларға сай, "әйел-ана" имандылығына, сондай-ақ ислам этикасының нормаларына сай киіңіздер", – делінген пәтуада.


Сондай-ақ ерлердің киімі туралы пәтуада “ерлердің денесі кіндіктен тізеге дейін жабық болуы керек" делінген. Пәтуа 5 тармақтан тұрады. Онда ислам шариғаты мен ханафи мәзһабының нұсқаулары бойынша тәжіктердің әйелдер киімі қаншама ғасырлардан бері орамал, көйлек және шалбардан тұратыны жазылған.

 

"Ұлттық киім киюді сақтау – мәдениеттің бір бөлігі ретінде ұлтты танытудың және ата-баба дінін нығайтудың маңызды құралы.  Сондай-ақ ұлттық мемлекеттілікті нығайтудың, бейбітшілік пен тұрақтылықтың кепілі", – делінген.

 

Еске салайық, Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон наурыз айында мұсылман әйелдерінің орамал тағуын "бөтен мәдениетке еліктеу" деп атаған еді. Мемлекет басшысы дін қызметкерлеріне бір айдан кейін "бұл мәселеге қатысты өз пікірін анықтауды" тапсырды. Алайда шешім қазір ғана қабылданды.

 

Тәжікстанда бір ай бұрын, 2024 жылдың маусымында "ұлттық мәдениетке жат" киімге тыйым салынған. Заң жобасын Мәжілісrt Эмомали Рахмонның өзі ұсынған.

 

Бұған дейін Тәжікстан парламентінің депутаты Муджибахон Джавхари "Азия-Плюс" агенттігіне жаңа заңның талаптарын түсіндіріп, оның жалпы хиджабқа қарсы бағытталмағанын, тек арабтардың "жат" киіміне, атап айтқанда қара киімдерге тыйым салынғанын алға тартқан.

 

Cондай-ақ ол жаңа заң тым ашық еуропалық киімдерді, соның ішінде тым төмен мойын сызығы бар көйлектер мен жыртылған джинсы шалбарларды киюге тыйым салады деп мәлімдеді.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости