RSS лента

Қазақстан "Талибан" қозғалысын тыйым салынған ұйымдар тізімінен шығарады

  • 29.12.2023, 11:29,
  • 369
  • 0
  • Автор:
Автор фото: salamnews.org

Бұл мәліметті Turantimes.kz редакциясына Сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров мәлімдеді. 

Айбек Смадияровтың айтуынша, Қазақстан ҚР-да тыйым салынған террористік ұйымдардың ұлттық тізімін өзектендіру мақсатында үнемі тексеру жұмыстарын жүргізеді.


"Аталған үдеріс шеңберінде, БҰҰ тәжірибесіне сәйкес, одан "Талибан қозғалысын" алып тастау туралы шешім қабылданды", - деді СІМ ресми өкілі. 


Сонымен қатар, Айбек Смадияров БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесінің орындауға міндетті қарарларына сәйкес, "Талибан қозғалысы" БҰҰ Қауіпсіздік Кеңесі террористік деп таныған ұйымдардың тізіміне кірмейтінін атап өтті.  


"Саяси байланыстарға келетін болсақ, Қазақстан бұдан әрі де Қауіпсіздік Кеңесі мен БҰҰ Бас Ассамблеясы қабылдайтын шешімдер мен қарарларды қатаң ұстанатынын атап өткім келеді", - деп жауап берді Смадияров. 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости