RSS лента

Жер бетіне жаңа ауру тарайтыны рас па?

  • 07.12.2023, 01:23,
  • 698
  • 0
  • Автор:
Автор фото: freepik.com

Instagram-да әртүрлі елдердің билігі жаңа індетке дайындалып жатқаны туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бәрі алдын ала жоспарланып, ауру Жердің миллиард тұрғынына жұқтырылады екен. Ресми stopfake.kz мұны фейк деп мәлім етті. Бейнеролик авторы Ақ үй, Джонс Хопкинс университетінің және Дүниежүзілік банк порталдарына сүйенеді. Сайттардың скриншоттарын көрсете отырып, ол билік алдағы пандемия туралы біліп қана қоймай, оған дайындалып та жатыр дейді.

 

Ақ үйдің сайтында АҚШ-та пандемияға дайындық және оған ден қою саясаты басқармасы (OPPR) құрылып жатқандығы туралы ақпарат бар. Бірақ бұл тек COVID-19 ғана қатысты емес. Ол полиомиелит, RSV респираторлық вирусы, құс және адам тұмауы, сондай-ақ пандемия тудыруы ықтимал басқа ауруларына қатысты әрекет етеді. OPPR медициналық құралдарды әзірлеуге, өндіруге және сатып алуға жауапты болады. Видеода көрсетілген парақшада осы басқармада тағылымдамадан өтуге қабылдау жүргізіліп жатыр. Жаңа пандемияға немесе даталарға сілтемелер жоқ.

 

Джонс Хопкинс денсаулықты қорғау орталығының сайтында да жаңа пандемия туралы жазылмаған. Бейнероликте 2017 жылғы жарияланымға сілтеме берілген. Егер тақырыбын аударатын болсақ, оның 2025-2028 жылдарға арналған ойдан шығарылған сценарий екені белгілі болады. SPARS вирусы да ойдан шығарылған. Бұл нақты пандемия пайда болған кезде медициналық қызметкерлердің дағдыларын пысықтау үшін қажет. 89 бетте нақты оқиғаларға барынша ұқсас жағдайлар модельденеді. Мамандар аурудың кенеттен өршуіне байланысты болуы ықтимал барлық қауіптер туралы ескертіледі.

 

Одан әрі роликте автор Дүниежүзілік банк сайтында жарияланған құжатты көрсетеді. Оны тез парақтай отырып, ол пайдаланушыға мән-мағынасын түсінуге мүмкіндік бермейді. Бірақ манипуляция жасау үшін қажет күнді табады – 2025 жылғы 31 наурыз. Халықаралық қаржы ұйымының сайтындағы құжаттардың ешқайсысында жаңа пандемияға сілтемелер жоқ.

 

Бұл фейк дәлелдердің барлығы, сондай-ақ ролик авторының мәлімдемелері шындыққа жанаспайды.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости