RSS лента

Жаңа "iPhone15" көпті таңқалдырды!

Автор фото: stan.kz

Apple Еуропада SIM карта салатын смартфондарды шығарудан бас тартуда, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі iGeneration блогына сілтеме жасап хабарлайды. Apple Еуропада SIM-карта ұясы бар смартфондар шығаруды тоқтататынын мәлімдеді. 2022 жылы компания iPhone 14 сериясын ұсынды. АҚШ-та модельдер дәстүрлі SIM картасына арналған ұясыз сатылды. Оның орнына тұтынушылар электрондық SIM картасын (eSIM) пайдаланады.

 

Франция нарығында бұрыннан SIM-карта ұясы жоқ iPhone шығады.

 

Электрондық сим-карталардың артықшылықтары көп екенін айта өтті.  Онда оператордың кеңсесіне  бару қажеттілігі жоқ. Сондай-ақ, абонент SIM карталарын шығармай, провайдерлер арасында жылдам ауыса алады. Бірақ eSIM технологиясы әлі де барлық нарықтарда танымал емес.

Оставить комментарий
Последние новости