Тіпті бұл орындағы азаматтар мемлекеттегі лауазымды тұлғалар болып шықты. Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі мәлім етті. Оқиға Қырғызстанның Ош өңірінде болды. 24.kg сайтының жазуынша, шенеуніктердің әйелге деген құрметсіздігі жұрттың ашуына тиген. Яғни елдің кілең шенділері орындыққа жайғасып, жалғыз әйелге жерден орын беріпті.
Суретте Министрлер Кабинеті Төрағасының орынбасары Бақыт Торобаев, Ош облысының басшысы Зиядин Жамалдинов, Ош қаласының мэрі Бақытбек Жетігенов, вице-мэрлер Марс Исаев және Сонунбек Жүнісбаев және Ош қалалық әкімдігінің әлеуметтік даму бөлімінің бастығы Масуда Айдарбеков.
Желіде қызу талқыға түскен суретке кейін Ош қаласының баспасөз қызметі пікір білдірді. Яғни жазбада суреттің Наурыз мейрамы аясында түсірілгеніне тоқталыпты.
"Сурет Құран оқу кезінде түсірілген. Яғни дұға оқи бастағанда сондағы азаматтар тұрған жеріндегі орындыққа отырды. Бірақ ол шарада бұл орындарға өзге адамдар отырмауы керек деген тыйым болған жоқ”, – деп жазған ол.