RSS лента

Адамдардың бәрін өлтіре ме?

  • 27.11.2022, 02:19,
  • 1 504
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Корен Шадми

Қазнетте Деннис Мидоуздың планетамызда халық санының өсуі мен оны бақылау жөніндегі баяндамасы туралы ақпарат тарады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Құжатта Жер бетінде тек бір миллиард адам ғана өмір сүруі керек, ал қалғандарын жою керек немесе оларды құлға айналдыру қажет деп жазылған екен. Ресми stopfake.kz мұны жоққа шығарды. 

 


Бұл баяндама «Өсу шегі» деп аталады. Оны 1972 жылы Деннис Медоуз пен зерттеушілер тобы жариялады.


Құжат 1900-2100 жылдар аралығында Жер халқының өсуіне арналған. Авторлар адамзат дамуының 12 түрлі сценарийін келтіреді. Олардың кейбірінде халықтың бір миллиардқа дейін күрт қысқаратыны айтылған, бірақ бұл біреулердің басқалардың бәрін жойып жібергендіктен болмайды.


Мысалы, ғалымдардың болжауынша, бұл климаттың өзгеруімен және қоршаған ортаның ластануымен күресу үшін ешқандай шара қолданылмаса орын алуы мүмкін. Сондай-ақ мұндай сценарий бұрын белгісіз пайдалы қазбалардың кен орындары табылған жағдайда немесе азық-түлік синтезі үшін белгілі бір шектеусіз энергия көзін жасаған кезде болуы ықтимал. 


Кітапта Жер бетінде бір миллиард адам ғана өмір сүруі керек деп жазылмаған, сондай-ақ мәтінде осы миллиардқа кірмегендерді өлтіру немесе құлдыққа салу ұсынылмаған.


«Алтын миллиардқа» кірмегендердің барлығын өлтіруді жоспарлап отырған жасырын элиталық қауымдастық туралы теория – конспирологиялық. «Алтын миллиард» терминін бірінші болып экономист Анатолий Вишневский енгізді. Ол табысты және ауқатты иммигранттарды осылай атаған. 


Сонымен қатар Жер бетінде бір миллиардтан астам адам жайлы өмір сүре алады деген ғылыми консенсус жоқ. Көптеген беделді зерттеулерде біздің планетамыздың ресурстары 8 миллиард адамға жеткілікті деген ортақ пікір айтылады. 16 ғылыми жұмыстың нәтижелері бойынша Жер бетінде 16 миллиард адам өмір сүре алатыны анықталды. Жекелеген ғалымдар тіпті планетамызда триллионнан астам адам тұра алады деп санайды.


Демек, Жер халқының басым бөлігін жою немесе құлдыққа салу жоспарланып отырғаны туралы хабарламалар – фейк.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости