Шын мәнінде, таратылған видео фармацевтикалық компанияның бас директорының мәлімдемесі біртүрлі болып көрінетіндей етіп монтаждалған.
«2023 жылға қарай біз әлемдегі халықтың санын 50%-ға азайтамыз» – дейді ол.
Бұл ретте сөздің мағынасын толығымен өзгертетін сөйлем алынып тасталған.
Желіде оның Дүниежүзілік экономикалық форумда сөйлеген сөзінің бастапқы жазбасы бар, таратылған кадрлар осы видеодан жасалған.
Видеоның толық нұсқасынан Альберт Бурланың нақты дәйексөзі келесідей болғандығы анық: «2023 жылға қарай біз әлемде дәрі-дәрмектерімізді ала алмайтын адамдардың санын 50%-ға азайтамыз. Меніңше, бұл арман орындалады».
Демек, таратылған видео – монтаждың нәтижесі. Конспирологияны жақтаушылар Альберт Бурланың сөзімен өз теорияларын «растау» үшін сөйлемнің жартысын әдейі алып тастаған.