Еuronews агенттігі мәлім еткендей, медициналық мекемеге әдейі от қойылуы мүмкін. Ғимараттағы фирмалар мен емханаға келген адамдар далаға шығуға үлгермей қалған. Сөйтіп, тілсіз жаудың құрбанына айналған.
"Куәгерлер көшеге қараған терезеден көптеген адамның көмек сұрап айғайлап тұрғанын көрген. Қазір оқиға орнында отыздан аса өртсөндіру бригадасы жұмыс істеп жатыр. Әлі де өлген адамдар табылуы мүмкін" делінген хабарламада.
Оқиға орнынан алдымен 19, кейін тағы 8 адамның денесі табылған.