RSS лента

Карантиннен шаршаған әлем

  • 15.07.2021, 15:47,
  • 393
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Талаптың қатаңдығы шектен шығып кетті, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Испанияның конституциялық соты пандемия басталар тұстағы оқшаулау мен оның ережелерін бұзғандарға тағылған айыптың заңсыз екенін айтты. Жергілікті БАҚ өкілдерінің хабарлауынша, билік бұл шешімге оң көзқараспен қарай отырып, карантин 2020 жылдың көктеміндегі ауру жұқтыру мен өлім санының көбеюіне байланысты орнатылғанын жеткізген.

 

Испания соттың шешімін талқылап жатқан тұста Грекия халқы үдере көтерілді. Афиныда мыңдаған адам 15 жастан асқан жасөспірімдерге салынады деген жоспарлы вакцинацияға қарсы бас көтерді. Көшеге шыққандардың барлығы парламент үйінің алдына келіп «Вакцинация – у» деп ұрандатқан.

 

Ал Париж полициясы өз халқына қарсы көзден жас ағызатын газ қолданып, шеруге шыққандарды таратпақ болды. Француз елі Эммануэль Макронның тамыздан бастап тамақтану орындары мен ойын-сауық кешендеріне екпе салдырғаны туралы сертификат пен ПТР-тестінің теріс нәтижесі болмайынша, кіруге рұқсат бермеу туралы пәрменіне наразылық танытты. Шеру Бастилияны бағындыру күнімен тұспа-тұс келді. Сондай-ақ, басқа қалаларда да бас көтеру болғаны туралы дерек бар.

 

Ал Украинаға «Pfizer-Biontech» өнімі жеткізіліп, екпе алғысы келгендерге ерікті жағдай жасалды. Жергілікті тілшілер Харьков қаласында дұрыс сақталмаудың кесірінен әкелінген вакцина пайдаға аспай қалған.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости