Бұған Голливуд шетелдік баспасөз қауымдастығының нәсілдік тұрғыдан алалаушылық әрекеті себеп болған.
Deadline басылымының мәліметіне сүйенсек, Круз «Джерри Магуайер» және «Рожденный 4 июля» фильміндегі басты рөлі, сондай-ақ «Магнолия» фильміндегі қосымша рөлі үшін алған марапатынан бас тартып, оны Голливуд шетелдік баспасөз қауымдастығына қайтарып берген.
Сонымен қатар, дүйсенбіде HFPA-ға қарсы наразылық аясында NBC телеарнасы 2022 жылы болатын марапаттау рәсімін тікелей трансляцияға шығарудан бас тартқан. Олар іс-шараны 2023 жылы қауымдастықтағы нәсілдік алауыздық мәселесі шешілгенде ғана көрсететінін жеткізген.
Жыл сайын «Алтын глобус» сыйлығын ұсыну іс-шарасын өкізетін қауымдастық соңғы жылдары нәсілдік алалаушылық үшін көп сынға ұшырады.