RSS лента

Қазақстанда жазылған ән әлемдік хитке айналды (+видео)

  • 22.05.2024, 16:05,
  • 572
  • 0
  • Автор:
Автор фото: instagram.com/jazzdauren

Jazzdauren деген лақап атпен өнер көрсететін қазақстандық әнші Жандәурен Аблаевтың бейнебаяны әлемде хитке айналды, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.


Бұл туралы Stan.kz ақпарат агенттігі хабарлайды. "Әйелдерге гүл сыйлаңыздар" бейнебаяны YouTube желісіне 2024 жылдың 1 наурызында DDrecords шығармашылық бірлестігінің парақшасында жүктелген. Содан бері ол 35 миллионнан астам қаралым жинап үлгеріпті. Осы статистика арқылы бейнебаян YouTube Music Global Charts рейтингінде әлемдегі ең үздік 100 бейнебаян тізіміне енді.

 

Бір қызығы, бейнебаянда ешқандай сюжет жоқ. Бүкіл ән бойына көрермендер қолында гүл ұстаған ер адамның суретін ғана көреді, әннің сөзін ғана көре алады.

 

Тыңдармандар әннің стилі марқұм ресейлік орындаушы Юрий Шатуновтың орындауын еске түсіретінін атап өтті.

Оставить комментарий
Последние новости