Желіде жаңаөзендік мұғалім оқушыларға қол көтеріп жатқан видео тарады. Қаланың білім басқармасы мектепте тексеріс жүргізетінін айтты деп хабарлайды Stan.kz ақпарат агенттігі “Лада” газетінің хабарына сүйеніп. Видеода дене шынықтыру мұғалімі сабақта бір оқушының шашын тартқылап, ішінен ұрғанын, екіншісін артынан тепкенін көруге болады. Мұны сол сабақта отырған оқушылар түсіріп алған.
Жаңаөзен білім басқармасы мектепте тексеріс жүргізетінін айтты.
“Арнайы комиссия құрдық. Тексеріс қорытындысына қарап, балалардың құқығын бұзғандарды қатаң жазалаймыз” дейді басқарма.