RSS лента

Оқушыларға құрттаған нан берген бе? (+видео)

  • 01.11.2022, 01:36,
  • 883
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Исатай ауданындағы мектептердің бірінде балаларға құрттап кеткен астықтан нан пісірген, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Бейнежазба осында!

 

Исатай ауданындағы мектептердің бірінше балаларға құрттап кеткен астықтан нан пісірген. Бұл туралы Caspian News телеарнасы хабарлады.

 

Ата-аналардың бірі телеарна редакциясына мектеп асханасындағы астықтан құрт шыққанын айтып, хабарласқан. Оның айтуынша, бұл жағдай Зинеден ауылындағы Юрий Гагарин атындағы орта мектепте болыпты. Аты-жөнін атамауды сұраған келіншектің өзі осы білім ордасында қызмет етеді, төрт баласы да осында оқиды. Асханадан тамақтанады. Перзенттерінің саулығын уайымдаған ол құрт түскен астықтардың асханада әлі тұрғанын айтып, видеоны көрсетті.

 

Ал, мектеп өкілдері бұл видеоның жалған екенін айтып ақталды. Айтуларынша, сыбыс шыққан бойда мұғалімдер жиылып, өздері тексеріс жасаған.

 

 

«Мектеп директорының міндетін атқарушы, оқу ісінің меңгерушісі, тәрбие жұмысының организаторы мен медбике және шаруашылық секторы акт жасады. Ештеме табылған жоқ», — дейді Ю.Гагарин атындағы орта мектеп директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары шынар Дүйсенова.

 

Ал, Исатай ауданындағы эпидемиолог мамандар ата-аналардан ешқандай шағым түспегенін айтады.

 

«Жалпы білім беретін Ю. Гагарин атындағы орта мектеп асханасынан аталған видеоға сәйкес шағым келіп түскен жоқ. Осы орайда ҚР президентінің жарлығына сәйкес мараториий енгізілуіне байланысты бұл кәсіпкерлік обьекті ерекше тәртіппен тексеруден босатылып отыр. Алайда егерде тұрғындар тарапыннан осы меекеп асханасына қатысты санитарлық бұзушылықтар анықталатын болса, онда бізге немесе өтініш арқылы жазбаша өтініш түсіруге болады», — дейді аудандық санитариялық-эпидемиологиялық бақылау бөлімінің басшысы Бақытгүл Қартмағанбетова.

 

Эпидемиологтардың сөзінше, егер арыз түсіп, тексеріс жүргізілген кезде осы жағдайдың болғандығы расталса, олар тиісті органдарға кәсіпкерге қатысты шара қолдану үшін ұсыныс береді. Ол бойынша кәсіпкерге айыппұл салынып, тіпті қылмыстық іс те қозғалуы мүмкін.

 

 

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости