RSS лента

Қарумен ойнап отырғанда атылып кетті... (+видео)

  • 12.11.2021, 00:21,
  • 1 054
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Жамбыл облысында 9-сынып оқушысы көршісінің үйінде тирдің мылтығына атылып өлді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.




 


"КТК" телеарнасының мәліметіне сүйенсек, қайғылы жағдай кезінде жасөспірім сол үйдің өзінен бір жас кіші баласымен болған. Екеуі қарумен ойнап отырғанда оқ атылып кетсе керек. Енді Бақдәулет Балқарбайдың туыстары мылтықты қараусыз қалдырған ауылдастарын жазаға тартуды талап етіп отыр. Тескентоған ауылындағы қайғылы жағдай кеше күндізгі сағат бес шамасында болған. Ауылдасының үйіне кеткен Бақтәулет Балқарбайдың басына оқ тиіп ажал құшыпты. Бүгін оның денесі мәйітханадан үйіне жеткізілді. 14 жастағы марқұмның жақындары қайғылы жағдайдың нақты қалай болғанын білмейді.Тәртіп сақшылары оның басын тир оғы тесіп өткенін айтыпты. Жарақаты ауыр балақайды дәрігерлер ажалдан арашалап қала  алмаған. Ал қайғылы оқиға болған үйде Бақдәулет өзінен бір сынып төмен оқитын досымен жүріпті. Екеуі пневматикалық қаурды ермек қылса керек. Сөйтіп байқаусызда шүріппесі басылып кетіп, бір түйір қорғасын Бақдәулеттің  басын жарған.  


Ал қайғылы жағдай болған үй иесі пневматикалық мылтықтың қолжетімді жерде тұрғанын жасырмады. Өзі қаруды кептер ату үшін қолданған екен. Онымен балалар ойнады деген жалған дейді. Полицейлердің мәліметінше, екі бала аулаға құс ату үшін қару алып шыққан. Бірақ мылтық Бақдәулет ұстаған кезде атылмай қалып, ол ұңғымасына үңілген. Сол сәтте шүріппе басылып кеткен болуы мүмкін. Қазір бұл істің мән-жайы жан-жақты тергеліп жатыр.



Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости