Осыған орай, біз дереу Атырау облысы бойынша экология департаментінің баспасөз хатшысы Эльнара Оралқызына хабарласып, мәселенің мән-жайын сұрастырдық…
– 2021 жылғы 7 сәуір сағат 15: 20-да «КТЛ» зауыты КТЖ-2-нің 4-жолындағы «С511» қондырғысының жұмысы автоматты бұғаттағыш іске қосылғандықтан тоқтап қалған, – дейді ол. – Салдарынан ластаушы заттар (сары түтін) түтін мұржасы арқылы қоршаған ортаға шығарылған.
«Теңізшевройл» ЖШС-імен автоматты бұғаттағыштың іске қосылу себептері анықталуда. Аталған департаменттен жоғарыда көрсетілген деректерге қатысты «ТШО»-ға жоспардан тыс тексеру тағайындау мәселесі қарастырылуда. Департаменттегілер соған сендірді.
Қабылданған шаралар туралы қосымша хабарланбақ.