RSS лента

Тексерушілерден тығылған той қонақтарының видеосы тарады

  • 10.04.2021, 00:42,
  • 464
  • 0
  • Автор:
Автор фото: скриншот

Оралда полицейлер мейрамхана жертөлесінен 20-ға жуық қонақты тапты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.

 

«Бүгін сағат 12:00-ден кейін мониторингтік топ «Қоржын» мейрамханасына барды. Облыста көпшілік шараларға тыйым салынғанына қарамастан ол жерде той өткізілгенін анықтады. Бәрі фото және видеоға түсірілді» деді мониторингтік топ жетекшісі Мирхан Бердіғалиев.

 

Ол оқиға орнына полицейлер мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мамандары келгенін атап өтті.

 

Облыстық полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің айтуынша, 10 сәуір күндіз белгісіз біреу қоңырау шалып, «Қоржын» мейрамханасында той өтіп жатқанын хабарлаған.

 

«Біздің қызметкерлер бірден мейрамхана қожайындарына хабарласып, қазір келетінін ескертті. Полицейлер келген кезде залда ешкім болмаған. Сосын олар жертөлеге түсіп, сол жерден 20-ға жуық адамды тапты. Қалғандары қашып үлгерген секілді» деді ол.

 

[media=Оралда полицейлер мейрамхана жертөлесінен 20-ға жуық қонақты тапты, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі «Мой город» басылымына сілтеме жасап.]

ЧИТАЙТЕ ТАКЖЕ:
Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости