RSS лента

Қазақстан мұнайының құны төмендеп тұр...

  • 04.10.2022, 11:26,
  • 574
  • 0
  • Автор:
Автор фото: әлеуметтік желі

Brent маркалы мұнай бағасы 2022 жылдың 24 қаңтарынан бері алғаш рет барреліне 86 доллардан төмен түсіп отыр, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қазір Brent-тің бір баррелі шамамен 86,97 долларға саудаланса, WTI маркалы мұнай баррелі 79,22 долларға бағалануда. Tengenomika сарапшыларының айтуынша, мұнай бағасының арзан дауы ұлттық валютамызға қысымды күшейтеді. Теңгенің жайы онсыз да жақсы емес еді. Валютамыз жыл басынан бері 10,8 пайызға əлсіреген. Аналитиктер мұнай бағасының құлдырауын жетекші елдердің орталық банктерінің, əсіресе АҚШ Федералды резерв жүйесінің (ФРЖ) ақша-несие саясатын қатаңдатуымен байланыстырады. 21 қыркүйекте ФРЖ базалық ставканы үшінші рет қатарынан 0,75 пайызға көтеріп (Құрама Штаттарда инфляция 8,3 пайызға дейін жоғарылап кетті – ред.), экономикалық болжамды жаңартқан еді. Осыдан кейін FOMC (Ашық нарықтағы операциялар бойынша федералды комитет) мүшелері федералды қор бойынша ставкалар биыл жыл соңына дейін 4,4 пайызға дейін жоғарылайды деген пікір білдірді. ФРЖ-ның ставканы көтеруі бағамын долларға қарап айқындайтын өзге ел валюталарына да əсер етеді. АҚШ тарапынан мөлшерлеменің көтеріле беруі жаһан нарығында рецессия тудыруы мүмкін деп алаңдайды сарапшылар.

 

«KASE биржасындағы қазақстандық теңге курсы доллар жұбымен бірге түсіп барады. Рубль, юань жəне еуромен динамика соңғы тəуліктерде шамалы ғана болды. Теңге курсының əлсіреуіне басты себеп – сыртқы қысым. Жаһандық капитал нарығы тəуекелдерден қашып, əлемді шарпитын рецессияны күтіп отыр. Тəуекелді активтерге деген сұраныс минималды деңгейде. Шикізат котировкалары да қысқарады деген ықтималдылық бар. Ал Қазақстан үшін энергия тасымалдау бағасының жоғары əрі тұрақты болуы ерекше маңызды. Дəл қазіргі сəтте теңгенің құбылуы – сыртқы тепе-теңдіктің бұзылуынан туындап жатқан жағдай, басқа ештеңе де емес», дейді Alpari сарапшысы Анна Бодрова.

 

Мұнай бағасының дəл қазіргі бағасы Ұлттық экономика министрлігінің тура бір ай бұрын белгілеген базалық сценарийіндегі бағамен сəйкес келеді.

 

«Базалық сценарий жағдайында мұ най дың орташа бағасы барреліне 85 доллар деңгейінде жəне доллар курсын 470 теңге деңгейінде пайдалану ұсынылады», деген еді Ұлттық экономика министрі Əлібек Қуантыров.

 

Олардың пайымынша, оптимистік сценарий жағдайында мұнай бағасы – 110 доллар болып, доллар 440 теңге болады, ал пессимистік сценарий бойынша 60 долларға дейін төмендеп, доллар курсы 500 теңге маңайында қалыптасады. Қысқасы, Ресей мен Украина арасын дағы əскери іс-қимылдан жаһан дүрлікті. Геосаяси ахуал шиеленісті. Əлемдік логис ти ка тізбегі бұзылды. АҚШУкраинаға үздіксіз көмек көрсетіп жатыр. Бұл белгілі бір деңгейде өз ішіндегі инфляцияны арттырды. Инфляцияны ауыздықтау үшін ФРЖ ставканы көтеруге мəжбүр болды. Ставканың жоғарылауы жаһанның экономикалық ауа райына əсер етіп мұнайға, тұтыну ши кіза тына деген сұранысты азайтты. Мұнай бағасы түссе, теңге əлсірейді. Себебі мұнай – басты экспорттық тауарымыз. Ал бізге қазір қуатты теңге, қуатты экономика ауа дай қажет. Қазақстан – экономикалық қиын дық тан, сол қиындық туғызған қым бат шылықтан қажыған ел. Қажыған халықтың бас сауғалайтын «періштесі» – банктер. Сəйкесінше, елде несиесі бар азаматтар көбейді. Олардың біразы несиесін төлей алмай жүр. Соған байланысты мемлекет жеке тұлғаның банкроттығы туралы заң қабылдауға кірісті. Елдегі түйткілдің əзірге ше шіле қоюы екіталай түйін екенін осыдан аңғаруға болады. Жақында Алматыда өткен Kazakhstan Growth Forum-да форум төрағасы Елдар Əбдіразақов елге инвестиция тарту үшін теңгенің мықтылығы керек деген пікір білдірді.

 

«Елден капитал кетпес үшін бізге ин вес тициялық тартымдылық керек. Актив терімізге инвестиция салуға қызық тыру үшін күшті валюта қажет. Бүгінде ТМД ел дерінің валюталарына қатысты теңге ин дек сі не көшу жəне қазақстандық теңгеге инвестициялауды қызықты ету үшін күшейту керек. Əйтпесе, теңге «запорожец» сияқты болады, оны ешқашан сатып ала алмайсың. Бізге теңге-запорожец керек емес», дейді кəсіпкер.

 

Қазір Қазақстанда ресми жылдық инфляция – 16,1 пайыз. Əрине, мұндай жағдайда азаматтарға өз ақшасын сақтау, көбейту қиынға соғады. Инфляциядан қорғайтын жəне ақшаны сақтайтын бірден-бір құрал депозит болып келді. Алайда қазіргі инфляция үстеме пайданы толықтай жұтып қойып жатыр. Мəселен, биыл шілдеде жеке тұлғалардың салымы бойынша орташа сыйақы мөлшерлемесі 11,8 пайызды құраған, ал сол кездегі инфляция көрсеткіші – 15 пайыз. Мұндай құбылмалы кезеңде қор нарығына бару да үлкен тəуекелді қажет етеді. Осы орайда Finprom сарапшылары альтернативті инвестициялау құралдары ішінде алтын жəне жылжымайтын мүлікке инвестиция салуды алға шығарады.

 

«Айта кетейік, алтын ұзақ мерзімді ин вестиция болып есептеледі жəне қысқа мерзімді реалияда бағасын жоғалтуы ық тимал. Мысалы, биыл алтынға максималды споттық баға – унциясына 2 мың доллар. Бұл межеге биыл 8 наурызда жетті жəне содан бері біртіндеп төмендеу байқалып келе жатыр. Осы жылдың 15 қыркүйегінде баға 1,7 мың долларды құрады. Бірақ ұзақмерзімді динамикада алтын ең сенімді актив болып қала береді. Өз кезегінде, үй бағасы, əсіресе биыл қатты өсті, тіпті сегменттің инвестициялық тартымдылығынан да асып кетті. Мəселен, жаңа үйлердің орташа ба ғасы 23,8 пайызға артты (былтырдың сəй кес кезеңімен салыстырғанда). Бұл ретте қайталама нарықтағы баға өсімі – 72,2 пайыз (бір жыл бұрынғы дерекпен са лыс тырғанда). Онымен қоса жалға беру құны да қымбаттап жатыр: бір жылда 2,2 есе. Тиісінше, баға биыл ғана қымбаттап отыр ған жоқ. Жылжымайтын мүлікке инвестиция салу əлем бойынша танымал құрал болып отыр», делінеді зерттеуде.

 

Жаһандық нарықта мұнайға деген сұ раныстың төмендеуі өндіріс көлемін де тө мен детеді. Отандық мұнай-газ саласы са рап шыларының айтуынша, соңғы 10 жыл дағы мұнай өндірісінің ең төмен дең гейі қыркүйекте болмақ.

 

«Тамыз айында 5,1 млн. тонна өндірілді. Соңғы 10 жылда тек екі мəрте ғана төмен болған: 2016 жылы тамызда (4,3 млн. тон наға жуық) жəне 2022 жылы маусымда (4,9 млн. тоннадан аз). Себептері: Қаратабан (Қашаған) кешеніндегі зауыт ішіндегі істен шығудың салдары Қашағандағы өндірістің 3,5 есе төмендеуіне əкеліп соқты. Одан кейінгісі – Қарашығанақтағы жоспарлы күрделі жөндеу жұмыстары», деп жазады телеграмдағы Energy Monitor каналы.

 

Мұнай жəне газ ақпараттық-талдау орта лығының дерегі бойынша, 2022 жыл дың басынан бері мұнай өндірісінің орташа тəуліктік көрсеткіші 228 мың тоннаны құраған. Сол қарқынды сақтаған жағдайда 2022 жылдың қорытындысы бойынша 83,2 млн. тонна мұнай өндірілуге тиіс. Сарапшылар ендігі қалған 100 күнде 85,7 млн. тонналық жоспарлы көрсеткішке қол жеткізе қоюы екіталай екенін айтады.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости