RSS лента

Қазақстанның жаңа министрлері

  • 07.02.2024, 10:12,
  • 102
  • 0
  • Автор: Sholpan2022
Автор фото: akorda.kz

Мемлекет басшысының Жарлығымен ұлттық экономика, төтенше жағдайлар, денсаулық сақтау және қаржы министрлері ауысты, деп хабарлайды Turantimes.kz Ақорданың баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

Нұрлан Серікұлы Байбазаров Қазақстан Республикасы Премьер-Министрінің орынбасары – Ұлттық экономика министрі лауазымына тағайындалды. 2016 жылдан бастап "Өнеркәсіпті дамыту қоры" АҚ Директорлар кеңесінің мүшесі және басқарма төрағасы болды.


Шыңғыс Сайранұлы Әрінов Қазақстан Республикасының Төтенше жағдайлар министрі болып тағайындалды. 2022 жылы ҚР Президентінің Өкімімен ҚР Мемлекеттік күзет қызметі бастығының орынбасары — Президент күзет қызметінің бастығы болып тағайындалды. 


Ақмарал Шәріпбайқызы Әлназарова Қазақстан Республикасының Денсаулық сақтау министрі лауазымына тағайындалды. Облыстық мәслихаттың IV және V шақырылымдарының депутаты, Әлеуметтік сала және мәдениет мәселелері жөніндегі комиссияны басқарды


Мәди Төкешұлы Такиев Қазақстан Республикасының Қаржы министрі лауазымына тағайындалды. 2023 жылғы наурыздан бастап – VII сайланған ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты, ҚР Парламенті Мәжілісінің Қаржы және бюджет комитетінің төрағасы, ҚР Парламенті Мәжілісіндегі «AMANAT» партиясы фракциясының мүшесі.

Оставить комментарий
Последние новости
Все новости