Оның хабарлауынша, қоғамдық сана және қалыптасқан түрлі стереотиптер бюрократияға әкелетін басты себептердің бірі. Осы орайда соңғы жылдары сыбайлас жемқорлыққа қарсы кешенді шаралар қабылданып отыр. Түрлі құралдардың, оның ішінде сыбайлас жемқорлыққа қарсы сараптаманың арқасында құқықтық жүйе дискрециялық өкілеттіктерден арыла бастады. Демек, лауазымды тұлғаның өз қалауы бойынша шешім қабылдау мүмкіндігі толық қысқартылды. Қазір оның орнына комиссиялар, мамандар мен сарапшылардың қорытындылары, конкурстық рәсімдеу және т.б. «кепілдік» құралдар басым.
«Бір жағынан, олар көп жағдайда әкімшілік рәсімдерді қажетсіз қиындатады, екінші жағынан, шенеуніктердің жеке жауапкершіліктен алшақтауға мүмкіндік береді. Агенттік жүргізген сауалнамаға сәйкес, қызметкерлердің шамамен 53%-ы басшылардың жауапкершілікті өз мойнына алғысы келмейтінін көрсетті. Олар үшін процессуалдық формальдықты сақтау шарттары маңызды болып табылады. Ал, қабылданған шешімдер тиімділігі екінші орында қалуда», – деді спикер.
Екіншіден, күнделікті бюрократиядан арылу процесіне мемлекеттік аппараттың белгілі дәрежедегі қарсы болуы себеп. Бюрократиядан арылту процесін кез келген мемлекеттік аппарат өте ауыр қабылдайды. Бұл - жалпы әлемдік құбылыс. Себебі, бұрынғы әкімшілік мүмкіндіктері қысқарады немесе мүлдем жоғалады. Қызметкерлердің функциялары мен штат саны қысқарады. Ведомстводағы ақпарат ашық және қолжетімді болады. Мемемлекеттік мүлік бірыңғай баланс ұстаушыға беріледі. Бюджет қаражаты азаяды.
Ал, үшіншіден, құқықтық жүйелерде қалыптасқан дәстүрлі тәсілдерден бас тарту арқылы біржақты билік қағидаларына негізделген мемлекетттік аппарат қызметін бюрократиядан арылту. Клиентке бағдарланған және сервистік форматқа көші жөніндегі басымдықтарға қарамастан, құқықтық жүйенің қалыптасқан консервативтілігі оны жаңадан қайта құруға, тіпті, өткеннің әкімшілік бюрократия тетіктерін сақтай отырып, өзгерістер мен бастамаларға кедергі жасайды.