RSS лента

Сенат отырысында Солтүстік Қазақстан облысын газдандыру мәселесі көтерілді

  • 11.01.2024, 14:59,
  • 264
  • 0
  • Автор:
Автор фото: pixabay.com

Өзекті мәселеге қатысты депутаттық сауалын сенатор Әсем Рахметова жолдады, деп хабарлайды Turantimes.kz 

«Облысты газдандыру – бұл аймақ халқының өмір сүру сапасын арттыруға және облыс экономикасының одан әрі дамуына серпін береді. Агроөнеркәсіп кешеніне де, экономиканың басқа да салаларында да ірі инвестициялық жобаларды іске асыру үшін жағдай жасайды. Шығарылатын өнімнің өзіндік құнын 15%-ға төмендетеді, қоршаған ортаға зиянды шығарындыларды 3 есе азайту және аймақтың орман қорын сақтау арқылы экологиялық жағдайды жақсартуға мүмкіндік береді», - деп атап өтті сенатор.


Әсем Рахметова Энергетика министрлігі 2026 жылдан бастап Солтүстік Қазақстан облысын газдандыру бойынша жұмысты бастауды жоспарлап отырғанын атап өтті. Алайда, қазірдің өзінде бұл қашықтыққа және газ тапшылығына байланысты газ құбырын төсеудің қымбаттығынан туындайтын проблемалар анықталып отыр. Сенатордың пікірінше, Ресей Федерациясындағы Ишим қаласының маңында қосылу торабы болатын магистральдық газ құбырын салу мәселені шешудің бір нұсқасы болуы мүмкін.


«Сондықтан министрліктің басты кестесінде жалпылама Ақмола және Солтүстік Қазақстан облыстарын газдандыру мерзімін белгілеуді және Ресей Федерациясының Тюмень облысы Ишим қаласының маңында қосылу нүктесі бар магистральдық газ құбырына қосылу аталған өңірлерді газбен қамтамасыз етудің өңірлік балама нұсқасы ретінде қарастырылып отыр ма?», - деді сенатор.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости
Популярно
  • Сутки
  • Неделя
  • Месяц