RSS лента

Қасым-Жомарт Тоқаев әсерлі жазба жариялады

  • 11.09.2023, 01:53,
  • 652
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев өзінің Instagram парақшасында Қазақстан ұлттық құрамасының жеңісі туралы жазба жариялады, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі Ақордаға сілтеме жасап.

– Біздің ұлттық құраманың Солтүстік Ирландияның мықты командасымен алаңдағы кездесуін қызыға тамашаладым. Ойын өте қызықты әрі тартысты өтті. Қазақ футболшылары қарсылас командаға төтеп беріп, 1:0 есебімен лайықты жеңіске қол жеткізді. Қазақстан ұлттық құрамасы және олардың мыңдаған жанкүйерлері үшін қуаныштымын. Әсіресе, «Астана жастары» мен басқа да ұйымдар еріктілерінің, сондай-ақ жекелеген азаматтардың, белсенділердің үлгі аларлық ісін айрықша атап өткім келеді. Олар ойыннан соң стадионда қалып, трибунадағы қоқысты жинап шықты. Футболшыларымызды және жастарымызды мақтан тұтамын, – деп жазды Мемлекет басшысы.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости