Ақтөбе КТҚ пайдалануға 1981 жылы берілген. Қазіргі уақытта негізгі құрылыстардың техникалық жағдайы нашар, тозуы 80%-ға жеткен.
Бүгінде жаңа КТҚ салудың техникалық-экономикалық негіздемесі әзірленіп, құжат мемлекеттік сараптамадан оң қорытынды алып үлгерді.
Сонымен қатар құжаттаманы дайындаудан бастап, нысанды пайдалануға беруге дейінгі іс-шараларды көздейтін жобаны жүзеге асырудың жол картасы бекітілді.
КТҚ салу Ақтөбе қаласының негізгі экологиялық проблемаларының бірі – ауаның күкіртті сутегімен ластануына қатысты мәселені шешуге мүмкіндік береді.
«Кәсіпорындардан шығатын зиянды қалдықтар Ақтөбе қаласын жайлаған жағымсыз иістің негізгі себебі болып отыр. Қоқыс полигонында қайта-қайта өрт шығып, онсыз да күрделі экологиялық ахуалға зиян келтіруде. Қоқыс шығару қызметтерінің жұмысы да ақтөбеліктердің орынды наразылығын тудырып отыр. Осы мәселелердің барлығына облыс әкімдігі жіті назар аударып, оларды шешу үшін жедел шаралар қабылдауы қажет», — деді Әлихан Смайылов.