Баубек Оралмағамбетовтын айтуынша, техникалық параметрлері бойынша қолданыстағы KazEOSat-1, KazEOSat-2 жерсеріктерінің белсенді жұмыс істеу мерзімі 2021 жылы өткен екен. Бірақ техникалық инженерлер техникалық аудит жүргізіп, олардың қолдану уақытын 2023 жылдың аяғына дейін ұзартты, деді ҚР ЦДИАӨМ Аэроғарыш комитетінің төрағасы.
«Біздің болжауымыз бойынша, біздің ұшып жүрген жерсеріктеріміз 2026-27 жж. дейін жұмыс істеу керек. Бірақ оларды ауыстыру керек, қазіргі кезде бұл үлкен мәселе. Биыл айыру қабілеті орташа 5 м пиксель KazEOSat-MR түсірілім жасайтын үш спутникке контракт жасадық, олар 2026 жылы ұшырылуға тиіс», – деді Баубек Оралмағамбетов.