Өз хатында Президент Режеп Тайып Ердоған түрік халқының атынан және жеке өзінің атынан Қасым-Жомарт Тоқаевқа Түркия елді мекендеріне орасан зор шығын әкелген жойқын жер сілкінісіне байланысты көңіл айтқаны үшін және бауырлас елге көрсетілген шұғыл көмекке ризашылығын білдірді.
"Табиғи апат кезінде дос елдердің ынтымақтастығы бізге барлық қиындықтарға төтеп беруге күш береді. Қазақстанның көмегі жер сілкінісінің ауыр зардаптарымен күресуде халқымызға үлкен қолдау болды. Біз құтқаруды ризашылықпен еске аламыз және үйінді астында қалған адамдарды құтқаруда жанқиярлық пен батылдық танытқан іздестіру тобына алғысымыз шексіз", - делінген хатта.
Ердоған Қазақстан президенті мен барша дос және бауырлас халқына амандық пен өркендеу тілейді.