Әлеуметтік желіде халықтың біраз бөлігі жаңаөзендіктердің бұл әрекетін құптаса, енді біреулер қате санап, елінің жоғын жоқтап, қолдауға келген Жанболат Мамайға бұлай жасамау керектігін алға тартуда. Ерікті Фейсбуктегі парақшасында оқиғаны ұйымдастырған үкімет деді.
«Бұл барып тұрған өтірік. Біз осында наразылыққа шыққан аналарға барып, қолдау көрсеттік. Олардың жалақысы 60 мың тг, оны 100 пайызға көтеруді сұрайды. Аналармен сөйлесіп тұрғанымызда арандатушылар келіп біздерге бас салды. Бірақ ереуілшілер оларды қуып жіберді»,- деп жазды Жанболат Мамай.