RSS лента

Мүдделер майданы: қос президентке – бір кеңесші

  • 17.09.2020, 04:08,
  • 852
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Ашық көздерден

Еуропалық даму және қайта құру банкінің бұрынғы президенті Сума Чакрабарти бірден қос президент – Қасым-Жомарт Тоқаев пен Шавкат Мирзиёевтің экономикалық кеңесшісі болып тағайындалды. Бұл туралы саяси сарапшы Ғазиз Әбішев өз пікірін білдірді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Мәселенің қос қыры бар. Бір жағынан алып қарайтын болсақ, егер Чакрабарти мырза ортаазиаттық кооперацияның тиімді жүйесін ұсына алса, онда, әрине, бұл, сөз жоқ, өте жақсы болар еді (сол үшін де Астана мен Ташкент келісімді синхронды appointment ұйымдастырып  отыр деген де болжам бар). Өйткені, екі өңірдің экономикасын бір арнаға тоғыстыру оңай шаруа емес.

Екінші жағынан, Қазақстан мен Өзбекстан жуырда шынайы қарсыластарға айналады (болашақ бәсекелестік белгілері президент Тоқаевтың кезекті Жолдауынан орын тепті). Сонда британдық экономист үшін үлкен таңдау туындауы мүмкін. Мәселен, ол белгілі бір жобаны екі республиканың тек біреуіне ғана ұсынуы керек болады.

Оставить комментарий
Последние новости