RSS лента

ҒАРЫШ ТУРАЛЫ ӘЗІЛ

  • 16.04.2020, 09:09,
  • 1 273
  • 0
  • Автор: TNigmanov

Ресейдің Бірінші арнасындағы жаңалықтар жүргізушісі Кирилл Клеймёновтің азиаттық ғарышкерге қатысты сөздері Қазақстанда үлкен резонанс туғызды.

Мұндай кәсіби тұрғыдан теріс пікірлер билеуші электораттың да көңіл-күйіне кері әсер етеді. Демек, мемлекетаралық қатынастарға да солай.

8 сәуірдегі жаңалықтар шығарылымында Кирилл Клеймёнов Ресейдің коронавиурсті жеңетінін айтқан Владимир Путиннің сөзін талқылай отырып, кенеттен ғарыш бағдарламасын еске түсірді.

«Енді президент айтқан осы тапсырмалардың бәрін кімдер орындайды, соған тоқталсақ. Бәріміз де президент бұйрығын орындауға тиіспіз. Кеңес өкіметінің кезіне тап келген біздің балалық шағымызда айтылғандай, ғарышкерлер сияқты жұмыс жасауымыз керек. Бірақ, жай емес, біздің бір бауырлас азиялық елдің ғарышкерлеріндей. Бұл мемлекет жайында президент есіне алмады. Әйтсе де, бұл елмен тарихи қарым-қатынасымыз да сондай даңғаза деңгейде десек те болады. Алайда, кейін бәрі танымастай болып өзгерді. Біз, тіпті, оларды ғарышқа да ұшырдық. Тек бір ғана шартпен: орындықта отырған күйі ештеңеге тиіспеу. Бұл олардың қолынан келді. Ендеше, біздің де қолымыздан келері анық» деп өз мәтінін мүдірместен оқып шықты ол.

Неліктен Клейменовтің сөзіне үлкен назар аударылды? Себебі, ол қарапайым журналист және жүргізуші, білдей бір үгіт-насихаттық каналдың үні ғана емес. Бірінші арна 51%-ға Ресей мемлекетіне тиесілі және ең ірі телевизиялық ресурс болып табылады. Ал, Клейменов – сондағы ақпараттық саясатқа жауап беретін бас директордың орынбасары. Былайша айтқанда, үгіт-насихат саласындағы жоғары лауазымды мемлекеттік шенеунік. Оның үстіне, Қазақстан ресейлік ақпараттық кеңістікке тым тығыз жүктелген. Көптеген азаматтарымыз бұрынғы әдет бойынша бірінші каналдың жаңалықтарын көреді. Соның негізінде дүниетанымдарын қалыптастырады. Басқаша айтқанда, бұл жағдай қазақстандық көрермендердің ашу-ызасын туғызды десе де болады. Бұл, бір қарағанда, одақтас және әріптес елден өз үстемдігін асырумен пара-пар.

Әрине, егер Клейменовтің сөздеріне мұқият зер салатын болсақ, оның бұлай деуіндегі мақсаты – Монғолия. Бұл жерде осыдан 800 жыл бұрын Шыңғыс хан бастаған монғол тайпаларының Русьті қалай жаулап алғаны жөніндегі аңыздарды да еске түсіруге болады. «Кейін бәрі де адам танымастай болып өзгерді» дегеніне қарағанда, ол бір кездері Кеңес Одағының Монғолия үшін Халхин-Голде жапондарға қарсы соғысқанын айтып отырған болу керек. Ал, Ұлы Отан соғысы басталмас бұрын Монғолия Кеңес Одағының жалғыз ресми одақтасы болған еді. Тағы бір деректі қозғасақ, 1981 жылы Кеңес Одағы ғарышқа монғолдық ғарышкер Гуррагч Жугдэрдэмидийнді ұшырды.

Бірақ, соған қарамастан, қазақстандық көрермендердің наразылығы өте орынды. Жалпы, бар бәле 2014 жылы ресей-украиналық қақтығыстан басталды. Федералдық каналдардағы Украинаға қатысты сұмдық көрсетілімдер мен ресейлік саясаткерлердің пікірлері қазақстандық суверенитетті жоққа шығарғанмен бірдей болды. Бұған әлеуметтік желілердегі шовинистер мен ұлтшылдардың ашық ақпараттық қысымшылықтарын қосыңыз. Бұл көпшіліктің көкейін әуре-сарсаңға салды. Осыдан келіп, қазақстандық зиялы қауымның да ой-пікірі бұрынғыдан бетер антиресейлік сипат алды. Оларға Ресейдің ұлылығы, оның евразиялық республикаларға бергені, оның мәдени және технологиялық басымдығы туралы әңгімелер ауыр тие бастады.

Ресейлік ресми үгіт-насихат тарапынан бұрынғы одақтастарына қатысты теріс пікір айтылып жатса, мұны қазақстандықтар енді өздеріне қатысты қабылдай бастады. Өйткені, кез келген одақтас республикаға қаратыла айтылған әжуа Қазақстанға да қатысты болуы мүмкін ғой. Егер Ресейдің қалауымен аспан әлемін бағындырған монғол ғарышкері қуыршаққа теңеліп жатса, онда, ұлы Ресейден Қазақстанға қатысты не күтуге болады? Ол қазақстандық ғарышкерлер туралы не оайлайды? Клейменовтің Талғат Мұсабаев пен Айдын Айымбетовке де дәл сондай көзқарас танытпасына кім кепіл?

Енді екінші мәселеге ойыссақ. Клейменовтің бұл сөздері біреуді кекетіп-мұқату мақсатында ғана айтылмай, сондай-ақ, мұның астарында «деморализация» деген мәселе жатуы да бек мүмкін. Өйтпегенде ше? Өзіңіз ойлап көріңізші! Егер жүз рет Ресейдің ұлы
технологиялық держава, ал, қалған бауырлас азиялық халықтар бар болғаны тіркес қана екенін айтылып жатса, онда, ерте ме, кеш пе, бұл тезиске бірінші каналдың көрермендері де сене бастамай ма? Осылайша, олар өз елдерін сыйлаудан қалады ғой. Клейменов Ресейдің одақтастарын солардың көзін бақырайтып қойып аяққа таптап жатыр. Міне, қазақстандықтар да мұны дәл осылай қабылдап отыр.

Қалай болғанда да, 8 сәуірдегі эфир Клейменовтің кәсіби тұрғыдан мүлде теріс әрекетін көрсетті. Екінші жағынан алып қалар болсақ, бұл, тіпті, әдейі қолдан жасалған болуы да мүмкін ғой, солай емес пе?
Оставить комментарий
Последние новости