RSS лента

Қазақстанға өлім жазасын енгізу қажет пе?

  • 05.08.2020, 17:37,
  • 2 324
  • 0
  • Автор: aakhmetullina
Автор фото: 112.ua

Бұл сауалға қатысты дау уақыт өткен сайын өршіп келеді. Себебі, жекелеген қылмыстарды қарай отырып, неге екені түсінікті бола бастайды. Бұл туралы тоылғырақ белгілі саяси сарапшы Ғазиз Әбішев өзінің «ABISHEV ANALYTICS» телеграм каналында жазды.

Біріншіден, - дейді ол, - педофилдер мен сол сияқтылар үшін екпе – жазадан жалтарудың ең жеңіл жолы (қазіргі заманда жіпке асу, электрорындық пен таспен ату жазаларын қолданбайтыны бесенеден белгілі ғой). Қалған өмірді тас қоршауда өткізу – бұл нағыз лайықты жаза.

Екіншіден, сот қателіктерін ешкім алып тастаған жоқ. Мәселен, қанішер Чикатилоның ісін алып қарасақ, жазықсыздар сотталып, өлтірілді. «Дәл дәлелмен ғана!» деген ұстанымның маңызы шамалы, егер жазықсыз жан жапа шексе. Біз құқық қорғаушыларға осыншама сенеміз бе екен?

Үшіншіден, айтуға пәс көрінер, бірақ, санаға салмақ салсақ, қанішерлер өз қылмысын соңына дейін жеткізбес үшін үміт сәулесін сөндірмеуіміз керек. Өйткені, алда еш үміт жоқ, тек өлім ғана күтетін болса, олар іздерін жасыру үшін өз құрбандарын тірі қалдырмауға тырысады.

Төртіншіден, алдымен зорлық-зомбылық, кейін лаңкестік, сосын жемқорлық, артынша аңдаусызда адам өлтірген үшін өлім жазасын кесуге ұсыныстар түсе беретін болады. Сөйтіп, әр популист заңға өзінше толықтыру енгізуді ұсынып, ал, мемлекет қабылдай береді. Ақыр соңында еліміз «еттартқышқа» айналады. Полицейлер үшін ұтымдысы – алдын алу жұмыстары үшін жүктелетін жауапкершіліктің аздығы: тапты, тұтқындады, дарға асты, бітті.

Бұл пост пікірталас туғызуға арналмаған. Қылмыскерлерді ешкім ақтап жатқан жоқ. Бірақ, медальдің екінші жағы бар екенін де ұмытпаған жөн.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости