RSS лента

Лукашенко: "Мен аздап отырып қалдым..."

  • 11.09.2020, 23:50,
  • 1 139
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Әлеуметтік желі

Лукашенконың уәдесіне сенсек, Беларуссияда жуық арада жаңа Конституция ұсынылатын болады, дейді саяси сарапшы Ғазиз Әбішев.

Жаңа заңдар жинағы елдегі билік құрылымын орталықтандырады деп күтілуде. Содан кейін барып президенттік және парламенттік сайлауды өткізуге мүмкіндік тумақ. "Мен аздап отырып қалдым" деген сөзіне қарағанда, Лукашенконың өзі бәсекеге түспейтін секілді. Өз кезегінде ол президенттік тақтан кетуі үшін орнына өзіне белгілі бір кеңшілік алуға тырысуы мүмкін.

Осы орайда ескеру маңызды:

а) мұрагер таңдауда қателік жібермеген жөн;

б) мұрагерді бекітуге қол жеткізу.

Ендігі қалып тұрған мәселе, ағымдағы жағдайда беларусь халқын референдумға, содан кейін лукашенколық ОСК (ЦИК) бақылауындағы сайлауға көндіру мүмкін бе? 


Оставить комментарий
Последние новости