RSS лента

Қазақстандағы маңызды сайлаулар қашан өтуі мүмкін?

  • 08.09.2020, 06:40,
  • 1 108
  • 0
  • Автор: AmandyqAudaru
Автор фото: Әлеуметтік желі

Фейсбукте көз сүрінер билеуші партияның праймеризі аясында еліміз парламенттік сайлауға белсенді дайындалып жатыр. Бірақ, сайлау күні нақты қашан екенін көбісі біле бермейді. Американдық сайлаушылар барлық электораттық күндерді бір жыл бұрын біліп отырады. Ал, Қазақстандағы сайлау бұл барып тұрған жұмбақ. Шенеуніктер мен партиялық қайраткерлер «конституциялық мерзім» деген терминді жиі қолданады. Бірақ бұл сөз нақты қандай мағына береді? Саралап көрелік...


Сайлаудың нақты қашан өтетінін топшылау үшін еліміздің ең басты құжаты – оның Конституциясын қарау керек. 

  

ҚР Конституциясының 49-бабы екінші тармағында: «Парламенттiң өкiлеттiгi оның бiрiншi сессиясы ашылған сәттен басталып, жаңадан сайланған Парламенттiң бiрiншi сессиясы жұмысқа кiрiскен кезден аяқталады» делінген. Өткен мәжіліс сайлауы 2016 жылдың 20 наурызында өтсе, бірінші сессия өз жұмысын сол жылдың 25 наурызында бастады. Дәл осы мерзімнен бастап қазіргі Мәжілістің құзыреті есептеледі.

 

Конституцияның 50-бабы 5 тармағында:  «Сенат депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - алты жыл, Мәжiлiс депутаттарының өкiлеттiк мерзiмi - бес жыл» деп көрсетілген. Ендеше, 2016 жылдың 25 наурызынан басталған Мәжілістің қазіргі құрамы 2021 жылдың 24 наурызында аяқталады деген сөз.

 

Одан әрі, Конституцияның 51-бабы 1 тармағында: «Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Парламенттің жұмыс істеп тұрған сайланымы өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде екі ай бұрын өткізіледі» деп жазылған. Яғни, 2021 жылдың 24 наурызында бітетін Мәжіліс сайлауы 2021 жылдың 24 қаңтарынан кешікпей өтуі тиіс.

 

Айтпақшы, «ҚР Сайлау туралы» Конституциялық заңда көрсетілгендей, «Мәжіліс депутаттарының кезекті сайлауы Мәжіліс депутаттарының өкілеттігінің мерзімі аяқталардан кемінде бес ай бұрын өткізіледі». Яғни, президент Тоқаев Парламент сайлауын 2020 жылдың 24 қазанынан кешіктірмей  белгілеу керек. Басқаша айтқанда, жуырдағы бір жарым айда парламенттік кампания басталады.

 

Президент, ИӘ, Мәжілісті мерзімінен бұрын таратуға құқылы. Қазақстанда мұндай жағдай көп рет орын алды.  

 

Конституцияның 51-бабы 3 тармағына сәйкес, Парламент немесе Парламент Мәжілісі депутаттарының кезектен тыс сайлауы тиісінше Парламент немесе Парламент Мәжілісінің өкілеттігі мерзімінен бұрын тоқтатылған күннен бастап екі ай ішінде өткізіледі. Осылайша, егер президент Тоқаев Мәжілісті осы аптада таратса, онда сайлау 15 қарашада өтуі мүмкін.  


Нәтижесінде, қазақстандық мәжіліс сайлауы 2020 жылдың 15 қарашасы мен 2021 жылдың 24 қаңтары арасында өтуі ықтимал. Бұдан ерте де, кеш те емес. Конституциялық мерзім ғой, білсеңіздер. Қалай болғанда да, қолданыстағы Мәжіліс құрамын рекорд жасады дей беруге болады: ол өзінің барлық конституциялық мандаты аяқталғанға дейін отырды. Біздің мемлекет үшін бұл аз мерзім емесі анық.


Оставить комментарий
Последние новости