Бұл ерекше жоба мүгедектігі бар адамдарға өз талантын көрсетуге, шығармашылық қабілетін дамытуға және қоғам өміріне теңқұқықты қатысуға мүмкіндік береді. 2025 жылы театр «Шексіз шығармашылық» атты кең ауқымды шығармашылық алаңға айналып, Атырау қаласы мен Жылыой ауданын қамтыды.
Театрдың ең ерекше қатысушылардың бірі — ДЦП-мен ауыратын актриса Жұлдыз. Оның өмір жолы қиын сынақтарға толы болғанымен, ол үмітін ешқашан жоғалтқан жоқ. Жұлдыз 1995 жылы Талдықорғанда дүниеге келген. Туған күнінен бастап оған ауыр диагноз қойылған, ал дәрігерлердің сөзі кез келген отбасын сынға түсіретіндей болды: «Сіздің қызыңыз толыққанды адам болмайды». Бірақ ата-анасы берілмей, қыздарына сенді. Әсіресе анасы бірде түсінде үлкен жұлдызы бар пайғамбарды көріп, қызына Жұлдыз деп ат қойған.
Жұлдыз актерлік өнерге деген қызығушылығын бала кезінен бастан таныған — алғашқы телефонына қысқа фильмдер түсірген. Актер болу арманы қол жетпес сияқты көрінген, бірақ «Талшын» театры туралы білгелі ол мақсатынан бас тартпаған. Оның алғашқы сахналық өнер көрсетуі — «Күшік күйеу» спектаклі — ұмытылмас оқиғаға айналды. Қазіргі таңда Жұлдыз сахнада драмалық та, комедиялық та образдарды қуана-қуана сомдайды.
Қазіргі таңда «Талшын» сахнасында 50-ден астам ерекше жан өнер көрсетеді. Театр вокал, хореография, актерлік шеберлік және арт-терапия сабақтарын ұсынады. Жылыой ауданында қатысушылар вокал, би және қолөнермен айналысады. Ашылғаннан бері «Бір түп алма ағашы», «Күшік күйеу», «Әпке» спектакльдері қойылып, көптеген концерттер мен шығармашылық іс-шаралар ұйымдастырылды.
«Талшын» театры — махаббаттың, төзімділіктің және шығармашылық орта мүгедектігі бар адамдарға да баршаға тең жұлдыздай жарқырауға мүмкіндік беретін өміршең үлгісі.