1 қыркүйектегі жағдай бойынша 50 мыңнан астам ұсыныс жасалды. Қолданылатын ЖИ моделі түйіндемелер мен бос жұмыс орындарын талдай отырып, талап етілетін мамандықты немесе мамандықтар тобын, күтілетін жалақы мөлшерін, тұрғылықты өңірді және кәсіби дағдыларды ескере отырып ұсыныстар береді. Бұл ретте табиғи тілді өңдеу және машиналық оқыту бойынша заманауи технологиялар пайдаланылады.
Аталған жоба түйіндемелер мен вакансияларды талдау процесін автоматтандыруға бағытталған, бұл жұмыс берушілер үшін лайықты кандидаттарды іздеу уақытын едәуір қысқартуға және қол еңбегін азайтуға мүмкіндік берді.
Түйіндемені өңдеу уақыты 2 секундтан аспайды, ал қолмен вакансия іріктеу процесі 80%-ға қысқарды. Алдағы уақытта ЖИ-ді қолдану арқылы жұмыс іздеу процесін 90%-ға дейін жеделдету күтілуде.