Ол электрондық кезек құру арқылы жүзеге асады, бұл әскери комиссариаттарда лауазымды адамдардың оқу топтарын өз қалауымен толықтыруын болдырмайды. Осылайша, оқуға жіберу туралы шешім қабылдау ашық түрде іске асады да, сыбайлас жемқорлыққа жол берілмейді. Бұл туралы ОКҚ алаңында өткен баспасөз мәслихатында ҚР қорғаныс министрінің цифрландыру жөніндегі орынбасары Дархан Ахмедиев хабарлады. Сонымен қатар құқық қорғау және арнаулы мемлекеттік органдардан босатылған азаматтарды мемлекеттік қызмет көрсету арқылы әскери есепке қою қажеттілігінен босату үшін 2025 жылғы 1 қаңтардан бастап «Ведомствоаралық өзара іс-әрекет» модулін тәжірибеде қолдану басталды.
Сонымен қатар Министрлік цифрландыруды жетілдіру мақсатында ARMIA.KZ сервисін әзірледі. Іске қосылған сәттен бастап қызмет трафигі тұрақты өсті. Іздеу жүйелерінде бұл сервис 75 мыңнан астам қаралып, 9 мың қолданушы тіркелген, бұл ретте өтініштердің 87%-ы мобильді құрылғылар арқылы кірген. Кіріктірілген жасанды интеллект қазірдің өзінде 2 мыңнан астам сұранысты өңдеді.
Қазіргі уақытта ARMIA.KZ әр түрлі платформаларда қолжетімді әскери қызмет туралы ақпараттың әмбебап көзі болып табылады. Қорғаныс министрлігі мемлекеттік органдар арасында алғашқылардың бірі болып ARMIA.KZ ассистенті – Ұлттық жасанды интеллект платформасы негізінде ЖИ құрғанын атап өтуге болады.
Қорғаныс министрлігі қорғалған сегментте жасалған жобаларға жасанды интеллект енгізуде. Бұлар әскери қызметке шақыру сапасын арттыруға, әскери объектілердің қорғаныс қабілетін жақсартуға, жауынгерлік даярлық процесін оңтайландыруға бағытталған.
Жасанды интеллекті қолдана отырып, бейне талдау – бейне деректерді автоматты талдау жүйесін енгізу жүзеге асырылуда. Спикер осы бағыттағы бірнеше жобаға тоқталып өтті.
Мысалы, «Бес қару» жобасына алдын ала сынақтар жүргізілуде. Бұл барлық деңгейлерде жауынгерлік дайындық туралы сенімді ақпарат алуға мүмкіндік беретін жауынгерлік дайындықты жоспарлау, есепке алу және талдау процестерін автоматтандыру платформасы. Оны қыркүйек айында қолданысқа енгізіледі.
«Smart әскери комиссариат» әскерге шақырылушылардың есебінде тұрған шақыру жасындағы азаматтарды медициналық куәландыруға келу қажеттігі туралы хабарлау үшін іріктеуді жүзеге асырады. Жасанды интеллект белгілі бір критерийлер мен бұрын шақырылған әскери қызметшілердің мәліметтер базасы негізінде жедел әскери қызметке шақырылуы тиіс азаматтарды ғана хабардар етуді ұсынады деп күтілуде.
Ішкі нормативтік құжаттарда навигация құралы ретінде ҚР ҚМ қызметкерлері үшін чат-бот құрылды. Чат-бот қызметкерлерге ішкі ережелер мен стандарттарды сақтай отырып, көптеген құжаттаманы бағдарлауға көмектеседі. Сондай-ақ отандық технологияларды қолдап, дамыту мақсатында Defense Tech кеңсесі іске қосылып, жұмыс істей бастады.