RSS лента

Деректер ашықтығы: Қазақстан қай орында?

  • 06.05.2025, 17:38,
  • 144
  • 0
  • Автор:
Автор фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Қазақстан деректер ашықтығы жөніндегі ODIN халықаралық рейтингінде 44-ші орынға көтерілді, деп хабарлайды Turantimes.kz тілшісі.

Қазақстан деректер ашықтығының Open Data Inventory (ODIN) әлемдік рейтингінде 51-ші орыннан 44-ші орынға дейін көтеріліп, өз позициясын жақсартты (2020 жылы – 187 елдің ішінде 54-ші, 2022 жылы – 195 елдің ішінде 51-ші орын). Бұл туралы біз Ұлттық статистика бюросынан білдік. 2024 жылы Қазақстанның жалпы балы 100-ден 72-ні құрады, рейтингте ресми статистиканың негізгі секторлары бойынша деректер ашықтығы мен қамтылу дәрежесі бағаланды. Қазақстан «қамту» индикаторы бойынша ерекше жоғары нәтиже көрсетті, 198 ел арасында 14-ші орын.

 

2024 жылы рейтинг көш басын Малайзия бастады, жалпы ұпайы – 90, одан кейін үздік бестікке Сингапур, Финляндия, Дания және Польша кірді.

 

Open Data Inventory (ODIN) халықаралық рейтингі 2015 жылдан бастап қалыптасады және Ұлттық статистика басқармасының сайтында немесе басқа да ресми мемлекеттік платформаларда жарияланған ресми статистиканың ашықтығы мен толықтығын бағалайды.

 

ODIN негізгі мақсаты – деректердегі олқылықтарды анықтау, ашық деректер саясатын ілгерілету, пайдаланушылардың ақпаратқа қол жетімділігін арттыру және статистика органдары мен қоғам арасындағы диалогты дамыту.

Оставить комментарий
Последние новости
         
Все новости