Қуанышты жаңалықты Алагөзованың өзі Instagram-дағы парақшасында жария етті. Продюсер жолдасы екеуінің сәбиді ұстап тұрған суреттерін де көрсетті.
"Біз сені ұзақ күттік. Үш келі бақытымыз. Біз қызды болдық. Алагөзова ... Тұрсынғалиқызы", - деп сүйінші хабарды жеткізді ол.
Сонымен қатар Баян Алагөзованың тұңғышы Айсәуле Бақытбек те анасының жаңалығына қатысты пікір білдірді.
"Менің сіңілім өмірге келді. Айару екеуміз ғана емес, енді біз үшеу болдық. Арамыз 28 жас болды. Біз сені ұзақ күттік. Біздің көңілді отбасымызға қош келдің, сіңілім", - деп жеткізді блогер.